Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткерлер мемлекеттік емтиханда сегіз қате жіберсе, екілік баға алады. Бұл туралы лингвистикалық комиссия отырысында мәлім болды.
Үміткерлер арасында өтетін емтихан үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең жазбаша жұмыс, екінші кезең үзінді оқу, ал үшінші кезең көпшілік алдында еркін сөйлеуге арналған. Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков: «Бірінші кезеңде үміткер конвертте жасырылған тақырыптардың біріне жазбаша жұмыс тапсырады. Жазбаша жұмыс 2 беттен аспауы керек, оны жазуға 1 сағат уақыт беріледі. Егер үміткер 1 сағатта жазып бітіре алмаса, комиссия ақылдаса келе, қосымша жарты сағат бере алады. Комиссия мүшелері жұмысты мұқият тексереді, әріп қатесін, тыныс белгілерін қадағалайды. Мәселен, 8 орфографиялық қате табылса, екілік қойылады. Екінші және үшінші кезең тапсырмалары да бекітілді. Үшінші кезең тақырыптары қазақ халқының тарихы, мәдениеті, жетістіктері жөнінде болмақ. Үміткердің сөз сөйлеуі комиссияны қанағаттандырмаса, тақырыпты тереңірек ашу үшін қосымша сұрақтар қоюымыз мүмкін. Апелляция бұған дейінгі сайлауларда тәжірибемізде кездеспеген. Егер үміткерлер тарапынан шағым түскен жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы шешім қабылдап, апелляцияны талқылайды», – деп мәлімдеді.
Кандидаттарды бағалайтын лингвистикалық комиссия құрамында Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Серік Қасқабасов, Ерден Қажыбек және Гүлтас Құрманбай бар. Мемлекеттік тіл емтиханынан бөлек, кандидаттар өзінің ақыл-есі дұрыс екендігін дәлелдейтін 107 психологиялық тексеруден өтуі тиіс.
Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Ал кандидаттарды тіркеу мерзімі 28 сәуірде аяқталады. Әзірге ел аумағында тіркелген алты партияның ешқайсысы президенттікке үміткер ұсынған жоқ.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді