АҚШ үкіметі бүгін Ираннан мұнай импорттаушы бірқатар елдерге қарата ескерту жасамақ. Егер олар Иран мұнайын жалғасты сатып аласа, АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкция талаптары ендігі жерде айрықша кешірім етпейтін болады. АҚШ үкіметі негізінен 5 елді атап көрсетпек, олардың арасында, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапония қатарлы сенімді одақтастары да бар.
Құрама Штаттың Иранға қарсы санкциясы Иран мұнай экспортын негізгі нысанаға алаған. Трамп билігі санкцияны қалпына келтіргеннен кейін өзіне одақтас бірқатар елдерге белгілі дәрежеде жеңілдіктер берген . Айталық, Үндістан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайуан қатарлы елдерге Иран мұнайын сатып алуға шектеу қоймаған еді. Бұл уақытша жеңілдік мерзімі 2 мамырда аяқталмақ.
АҚШ лауазымдыларының VOA ақпараттық агенттігіне берген мәліметіне қарағанда, аталған мәлімдемені мемлекеттік хатшы Майк Помпео жасамақ. Мәлімдемеде санкция жеңілдік мерзімі 2 мамырдан кейін тоқтатылады. 3 мамыр күнінен бастап Иран мұнайын сатып алған елдер санкция қармағына ілінеді. АҚШ үкіметінің ескертуінде Қытай мен Үндістан секілді Азия алыптары да бар.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр