Мәскеуде Ресей мен бірқатар араб елдері сыртқы істер министрлерінің қатысуымен 5-ші реткі Ресей-Араб елдері форумы өтуде. Кезекті форум Таяу-Шығыс және Солтүстік Африка мәселелерін тақырып еткен.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров форумдағы сөзінде: «Форумның күн тәртібінде Таяу-Шығыс пен Солтүстік Африка жағдайы, соның ішінде Палестина-Израиль мәселесі, Сүрия, Ливия және Йемен дағдарысы, сондай-ақ, терроризмге қарсы күрес және химиялық қаруды таратпау мәселелері тұр», – деді.
Ресей тарабы бұл форумды аймақтық және халықаралық мәселелерді шешуде маңызы зор деп санайды. Ресей СІМ басшысы осы форум арқылы сыртқы күштердің Таяу-Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінің ішкі істеріне араласуы және өзге де маңызды мәселелерге шешім табуды үміт еткен.
Соңғы жылдары, әсіресе Сүрия дағдарысынан бері қарай, Ресей Таяу-Шығыстағы белсенділігін арттырды. Бұл ретте аймақта Батыс елдерінің ықпалын әлсірету мақсатында Түркия мен Иранды көбірек одақтас етуде. Сондай-ақ, Мәскеу билігі Ресей-Араб елдері форумы арқылы өзінің Таяу-Шығыс және Солтүстік Африкадағы саяси ықпалын мен белсенділігін арттыруды көздейді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр