Өзбекстан мен Қазақстан шекарада халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құрмақ. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары барысында белгілі болды.
"Бұл жобаны жүзеге асыру трансшекаралық сауданы оңтайландыруға, бақылау инфрақұрылымын жақсартуға, аймақтағы ірі сауда-логистикалық хабты құруға көмектеседі", - деді мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесуден кейін.
Жаңа орталық «Орталық Азия» деп аталады. Жоспар бойынша, аталған жоба 2020 жылдың соңына қарай екі ел арасындағы тауар айналамын 5 миллиард долларға жеткізбек. Қазіргі таңдағы тауар айналымы 3 миллиард долларды құрап отыр.
Айта кетейік, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Президент Тоқаев пен Мирзиеев арасындағы кеңейтілген кездесу отырысында 9 ірі келісімге қол қойылған болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысты.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр