Ресей Түркияға екінші қорғаныс техниканы сатып беруге дайн. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Түркиямен S-400 зымыран қорғаныс жүйесі туралы жаңа келісім жасауға дайын екенін жеткізді.
Осыдан бұрын түрік СІМ басшысы Мевлут Шавушоғлу Ресейге жасаған сапары кезінде Түркияның Ресейлік S-400 қорғаныс жүйесінен тағы біреуін сатып алу жоспарының бар екенін айтқан. Кремль өкілі ресми мәлімдемесінде Ресей тарабының қорғаныс техникасын сату-сатып алудың екінші келісімін жасауға дайын екенін айтты.
«Ресей тарабы аталған ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктерді қарастыруда. Әрине, бұл қалыпты ынтымақтастық қадамы», – дейді Дмитрий Песков.
Түркиялық «Анадолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, Түркия үкіметі F-35 ұшақтарының мәселесі туралы да бір шешімге келген. Егер Құрама Штаттар Түркияға жеткізілуі тиіс жауынгерлік ұшақтарды тоқтататын болса, осыған балама ретінде өзге елден ұшақтар сатып алуға дайын екенін білдірген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер