Денсаулығына немқұрайлы қараған Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуі мүмкін.
Осыған байланысты парламент депутаттары «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне енгізілуі мүмкін өзгерістерді талқылады. Кодексте адам денсаулығының тек 10%-ы ғана медициналық қызметтердің дамуына, 50%-ы адамның өмір сүру салты мен тамақтануына, ал 20%-ы экологияға байланысты екендігі айтылған.
Парламент депутаттары талқылаған анықтамалықта: «Кодекс жобасында азаматтардың өз денсаулығына мұқият қарауы талап етіледі. Сондықтан азаматтарға денсаулығына немқұрайлы қарағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, Теміртау, Өскемен, Балқаш, Жезқазған сынды экологиясы нашар қалалардың шенеуніктері адам денсаулығы үшін жауапқа тартылмайды», – дейді.
Мәлімдеме жарық көргеннен кейін, жергілікті тұрғындардың басым бөлігі депутаттар талқыланған тақырыптың негізсіз екендігін айтты. Себебі, мемлекет халық денсаулығын реттеуі үшін айыппұл салудың орынна экология мәселелерін жөнге келтіруі тиіс.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр