Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен төртінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».
Мектепті өткізудегі мақсат - Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша журналистердің біліктілігін арттыру; талдамалы контент жасау үшін зейнетақы жүйесі бойынша құзырет пен кәсіби білімді тереңдету; білім алуға, өзара тәжірибе алмасуға, сонымен қатар журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері және БЖЗҚ өкілдерінің кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беру.
Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады: зейнетақы жүйесінің модельдері, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет, «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмысы.
Мектепке қатысу үшін журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері өтінімдерін 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін press@enpf.kz электрондық поштасына жіберулері тиіс.
Қатысушы өтінімінде :
- тегін, атын, әкесінің атын;
- БАҚ, лауазымын, жұмыс түрін (блогер немесе студент);
- курстың күнін;
- байланыс телефонын (ұялы телефон, электрондық пошта) көрсетуі қажет.
Мектептің мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы (Сарыарқа көш. бұрышы) «Іскер» бизнес-орталығы.
Оқыту курсын өткізу уақыты:
2019 жылдың 18 сәуірінде – сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін орыс тілінде,
2019 жылдың 19 сәуірінде – сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін қазақ тілінде.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі