 
                                    2019 жылы 5 сәуірде Вильнюс қаласында қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға жол» фильмінің көрсетілімімен «Литвадағы Қазақстандық көктем» фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Литвадағы «Қазақстандық кино күндері» шеңберінде қойылған фильмді ресми тұлғалар, Парламент депутаттары, іскерлік және академиялық топтар өкілдері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Литвада тіркелген дипломатиялық корпус басшылары тамашалады.
Фестивальдің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Литвадағы Қазақстан Елшісі В.Темірбаев нәтижелі іске асудағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының арқасында елдің мәдени-тарихи әлеуеті дамуының динамизмін атап өтті.
Бұдан басқа, қазақстандық дипломат Қазақстан мен Литва, әсіресе жаңа буын өкілдерінің арасындағы мәдени диалогты тереңдетудің қажеттілігін алға тартты.
«Анаға жол» көрінісі қазақстан халқының тарих бетіндегі қиын кезеңдердегі табандылығымен және биік рухымен литвалық көрермендерді таңқалдырды.
«Қазақстандық кино күндері» аясында Литваның ең үлкен үш қаласында (Вильнюс, Каунас, Клайпеда) бәрімізге сүйікті болған және әлем сахналарын мойындатқан, сондай-ақ қазақстандық киноматографияның жаңа туындылары «Анаға жол», «Шал», «Талан», «Алмас қылыш», «Жаужүрек мың бала», «Күлтегін» анимациялық фильмі және т.б. кинолар көрсетіледі.
«Литвадағы Қазақстандық көктемнің» шаралары арасында қазақстандық-канадалық «Equus: жылқы тарихы» деректі фильмінің көрсетілімін, Вильнюс университетіндегі «Арқайым» нео-этно-фолк тобының концертін, Литваның үш қаласында және Латвия астанасында өтетін қазақстандық суретші Рауза Ералиеваның көрмесін, сонымен қатар қазақ ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан Вильнюсте болатын жарысты атап өткен жөн.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді