Түркия Сыртқы істер министрлігінің өкілі жазбаша мәлімдеме жасап, АҚШ тарабын екі елдің сыртқы саяси ведомство өкілдері арасындағы кездесу туралы жалған мәлімет таратты деп айыптады.
Түркия СІМ өкілі Хами Аксой жасаған жазбаша мәлімдемеде, Түркия сыртқы істер министрі Мавлүт Шавушоғлу мен АҚШ мемлекеттік хатшысы арасында болған кездесу турасында АҚШ тарабы жалған мәлімдеме жасағанын айтты. Оның айтуынша АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметі кездесу өтуден бұрын жазылған.
НАТО ұйымының 70 жасына орай бас қосу кезінде АҚШ пен Түркияның СІМ өкілдері кездесіп, екі ел арасындағы бірқатар тақырыптарға тоқталған болатын. Алайда, түрік елін кездесудегі сөйлесулер емес, одан кейінгі ресми мәлімдеме ашуландырған.
Аксой сөзінде: «Бұндай мәлімдеме осыдан бұрынғы кездесуде де болған еді. Ресми мәлімдеме арнайы дайындалуы керек. Бұл да болса бізге одақтас ретінде жасалған мәміле ретінде қабылданады», – деген.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау