Иран Ислам Республикасы табиғи апаттан ауыр зардап шегуде. Нөсерлі жауынның әсерінен елдің 23 провинциясы сел қатерінде қалды. Кеше Иран ІІМ басшысы Селмани 23 провинцияда төтенше жағдай жариялады.
Ирандық ИСНА ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, Ішкі істер министрі Селмани елдегі барлық төтенше жағдайлар департаменттерін аттанысқа келтіргенін мәлімдеген.
Сел қаупі бар өңірлердегі әкімшілік қызметкерлер апат қаупі сейілгенге дейін демалыссыз жұмыс істеуге жұмылдырылған.
Иранда екі аптадан бергі нөсерлі жаңбырдан бірқатар өңірлерде тасқын апаты болып, көптеген елді мекендерді су басқан. Ресми мәліметте, табиғи апат салдарынан 44 адамның қаза тапқанын, оннан астам адамның жоғалған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні