Францияда «сары жейделілер» жиырмасыншы рет наразылық акциясын өткізді.
Оuest-france мәліметінше, бұл жолы наразылық шерулеріне бүкіл ел аумағында 34 мың адам қатысқан. Парижде көшеге 5 мыңға жуық адам жиналды. Ірі қақтығыстар да осы шаһарда орын алып, 37 адам қамалды. Себебі олар шеру өткізуге тыйым салынған Елисей алаңына өтіп, полицейлерге тас пен шөлмек лақтырған. Тәртіпсіздікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қолданып, су шашуға мәжбүр болған.
Еске сала кетейік, 17 қарашадан бері Францияда жанармай акцизін көтеруге қарсылық акциялары өтіп жатыр. Кей аймақтарда шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, бес жүзден астам адам ұсталды. Осы жағдайлардан кейін Франция президенті Эммануэль Макрон мамырдан бастап барлық еңбек жалақысына кем дегенде 100 еуро қосылатындығына уәде берген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті