Бразилия Ресей әскерінің Венесуэладан кетуін талап етті.
Бразилия Сыртқы істер министрі Эрнест Араужо: «Егер ресейлік әскердің мақсаты Николас Мадуроның режимін қолдау болса, Венесуэланы тастап кетуі тиіс. Астыртын әрекеттерге жол жоқ», – деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Бразилия тарапы Боливар Республикасындағы дағдарысты және Венесуэладағы әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін дипломат Хуан Гуайдо билікке келуі тиіс деді.
24 наурызда Венесуэла астанасы Каракасқа Ресейдің Ил-62 және Ан-124 әскери ұшақтары қонған. БАҚ беттерінде тараған ақпарат бойынша, ұшақпен жүздеген сарбаз бен 35 тонна әскери жүк жеткізілген. 28 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп ресми мәлімдемесінде Венесуэлаға әскер кіргізген Ресейге ескерту жасаған болатын.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі