АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Залмай Хализат Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасында бейбітшілік келіссөз орнату мақсатындағы 6-шы кезекті сөйлесулерді бастады.
Лахизат өзінің әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесінде, 6-шы турдың алғашқы кездесу отырыс Лондонда өтетінін айтты. Ол бұл мәселе жөнінде ағылшын лауазымдыларымен келіскен. Сондай-ақ, келіссөз ісі бойынша, Пәкістан, Өзбекстан, Иордания, Катар және Бельгияға сапарлай барып, ресми тұлғаларымен кездеспек.
Ашраф Ғани басқарған Ауғанстан үкіметіне қауіп төндіріп келген Талибан күштері қазір ел территориясының жартысына жуығын өз бақылауына ұстап тұр. Осыдан бұрын Құрама Штаттар мен тәліп күштері арасында келіссөз кезінде шетелдік күштердің Ауғанстаннан шығуы және Ауғанстандағы Бейбітшілік күштеріне қауіп төндірмеу туралы талқыланған болатын.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес