Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады.
«Мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, айта кету керек, кеше,19 наурыз 2019 жылы тікелей эфир арқылы жолдау жасаған ҚР президенті Н. Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтататыны туралы шешімін жария еткен еді. Н. Назарбаев сөзінде Қазақстан Республикасының президенті міндетін атқарған уақыттағы қадау-қадау тарихи белестер туралы тоқтала келіп, ең жоғары лауазымды қызметтегі кезінде халқының өзіне сенім артқанына алғысын білдірді. Сонымен бірге, Тұңғыш президент өз мәлімдемесінде ҚР президенті міндетін Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты және жарлыққа қол қойды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы