Байқоңырдан «Союз МС-12» ғарыш кемесі бар ресейлік «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды.
Ресми NASA агенттігінің хабарлауынша кеме бортында Халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен NASA-ның екі астронавты – Ник Хейг мен Кристина Кох бар.
Былтыр 11 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз» ғарыш кемесі апатқа ұшыраған болатын. «Союз-ФГ» зымыранын тасмалдаушы «Союз МС-10» кемені ғаламға шығара алмаған. Бірақ, Халықаралық Космос Станциясының космонавтарды арнайы түсіргіш аппараттары арқылы экипаж мүшелерін дін аман жерге түсіруіне мүмкін болған. Аталған тапсырма бойынша көкке көтерілген ресейлік Алексей Овчинин мен америкалық Ник Хейгке ешқандай қауіп төнген жоқ. Овчинин үшін бұл мансап жолындағы екінші реткі ұшуы. 2016 жылы космоста 172 тәулік өткізсе, Хейгтің алғашқы сапары сәтсіздікпен аяқталды. НАСА мен «Роскосмос» бірігіп апат болған «Союз-ФГ» кемесінің барлық бөлшектерімен жұмыстарын бітірді. Осыған байланысты Халықаралық космос бекетінен келесі экипаждарды ұшыруға дайын екендіктерін мәлімдеген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді