Соңғы кездері смартфон камераларының көптеген ерекшеліктері бар. Siemens CX65 телефон моделі естеріңізде ме? Небәрі 0,3 мегапиксельмен суретке түсіреді. Содан бері технологияның қаншалықты дамығанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жақында Sony Semiconductor Solutions Corporation компаниясы бір секундта 965 кадр алуға болатын арнайы CMOS-сенсорлар ойлап тапты. Онда жылдам сандық сигнал өңдеу элементтері мен DRAM аталатын динамикалық жады енгізілген. Бұл туралы hi-news хабарлайды.
Егер қарапайым сенсорлардің екі қабаты (біріншісінде жарыққа сезімтал элементтер, екіншісінде сигналдарды шығару және қайта өңдеуге арналған микросызбалар) болса, Sony компаниясының инженерлері үшінші қабатты қосты. Сол үшінші қабатында жоғары аталған DRAM аталатын динамикалық жады мен қосымша сандық логикалық элементтер орналасқан. Осы бөлшектерді қосқанның арқасында камераның қуатын 19,3 мегапикселге дейін үлкейтуге болады және көлемі 1920*1080 виеоларды, секундына 960 кадрлерді түсіруге болады. Құрылғының өлшемі 1-де 2,3 дюйм болады. Беткі қабаты 1,22 микрометр болатын 21,2 миллион пиксель.
Сонымен қатар, камера қазіргі заманғы стандарттар мен интерфейстерге сәйкес келеді. Құрамында аналогтік-сандық түрленгіштер, субпроцессор, процессор мен интерфейс сызбанұсқасы бар.
«The Qazaq Times»