Үндістандағы қазақстандықтар елге қайта алмай отыр.

Пәкістан мен Үндістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты әуе рейстері кейінге қалдырылып, 65 қазақстандық азамат белгіленген уақытта елге орала алмады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшілігі мәселені шешетіндігін мәлімдеді. Елшіліктің ресми хабарында: «Үндістан мен Пәкістанның арасындағы әскери-саяси жағдайдың күрделенуіне байланысты рейстері ауыстырылған немесе мүлде орындалмаған әртүрлі әуе компанияларының жолаушылары мен біздің азаматтар қиын жағдайға тап болды. Қазіргі уақытта 44 адам елшілікке қайтарылды», – делінген.

Айта кетейік, 14 ақпанда Жамма мен Кашмир аймақтарында терракт орын алып, Үндістанның 44 әскери қызметкері қаза тапқан болатын. Сол уақыттан бері екі ел арасындағы байланыс ушыға түсті. Ал 27 ақпанда Пәкістанның әуе кеңістігі жабылып, қазақстандық әуе тасымалдаушы «Air Astana» компаниясының жұмысы қиындай түскен.

"The Qazaq Times"