Ұлыбританиялық «One Web» компаниясы жер серіктерін ұшырды. Бұл туралы Times басылымы хабарлады.
Француз ғарыш айлағы арқылы ұшырылған жер серіктеріне 2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылған. Басты ерекшелігі –әлемнің кез келген нүктесін кең жолақты ғаламтор желісімен қамтамасыз етеді. Аталған жобаның бас директоры Адриан Штекель: «Әлемдегі мемлекеттердің барлығы дерлік жоғары сапалы ғаламтормен қамтамасыз етілмеген. Мәселен, Мексикада 120 мыңға жуық мектеп ғаламторсыз отыр. Ал қазіргі заман талабына сай барлық адам ғаламтормен тығыз байланыста. Ұзақ жылдар бойы интернетсіз өмір сүрген адамдар менғаламтор арқылы жан-жақты хабарды біліп отыратын адамдарды салыстырып көріңізші. Айырмашылық өте көп. Бұл – қажеттілік», – дейді.
Қазіргі уақытта тәжірибелік мақсатта сыналатын қондырғылардың алты түрі жеткізілген. Егер жоспарлы түрде кең жолақты интернет пайдаға асса, 2021 жылға дейін жеті жүзге жуық жер серіктері ұшырылмақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті