Венесуэла үкіметі шетелдік гуманитарлық көмектерді шекарасынан кіргізбей тастады. АҚШ, Бразилия және Колумбиядан азық-түлік тиеген жүк көліктері Венесуэла шекарасында тұрып қалды. Оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоны қолдаған АҚШ үкіметі құны 20 млн доллар көлеміндегі гуманитарлық көмек атаған болатын.
Өзге елдердің көмегін қабылдамаған Венесуэла үкіметі 300 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп берген Ресейге алғысын білдірді. Ресей жөнелткен гуманитарлық көмек Венесуэлаға 21 ақпанда жеткені расталуда. Президент Мадуро АҚШ тарабынан жіберілген көмек ел билігін құлатудың бір шарасы деп санайды.
Венесуэланың өзінде де бірқатар халықаралық қоғамдық ұйымдар жұмыс істеуде. Олар елде медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектің тапшы екенін айтуда. БҰҰ Қаржы қызметінің таратқан мәліметінде, 2018 жылы Венесуэланың 24 млн АҚШ доллары көлемінде жәрдемге ие болғаны айтылған.
уропа Одағы да 2016 жылдан бері Венесуэлаға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Былтыр маусым айында ЕО Венесуэлаға 35 млн евро жәрдем пакетін бөлді, ал жыл соңында құны 20 млн евро көлеміндегі көмек жөнелтті. Биыл жыл басынан бері 5 млн евро көмек атаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді