Вьетнам астанасы Ханойдағы кездесу барысында АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР көшбасшысы Ким Жоң Ың мәмілеге келе алмаған. Бұл туралы Америка үкіметі мәлімдеп отыр.
Жиын кезінде Дональд Трамп Корей елімен ешқандай келіссөздер болмайтындығы туралы шешім қабылдаған. Осыдан кейін, Ақ үй Пхеньянға бағытталған сакцияның өзгертілмейітіндігін мәлімдеді.
Сондай-ақ КХДР көшбасшысы Ким Жоң Ың ешқандай ядролық және зымыран жаттығуларын жасамауға уәде берген.
Кездесу алдында АҚШ президенті журналистерге асығыс шешімнің қабылданбайтындығын ескерткен болатын. Бұдан бөлек, Ким Жоң Ың: «Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барлығын жасауға әзірмін», деп ашық айтқан.
Бұл кездесуде қос мемлекеттің басшылары да өз есесін жібергісі келмейтіндігі белгілі. Сонымен бірге, екінші кездесуден бейбіт келісімге келу қос президенттің де алға қойған мақсаты болмағандығы түсінікті болды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр