АҚШ Қарулы Күштерінің киберқауіпсіздік бөлімі 2018 жылы АҚШ-тағы аралық сайлау кезінде Петербургте ресейлік «интернет-зерттеу агенттігіне» (сондай-ақ «тролль фабрикасы» ретінде белгілі) қарсы кибероперация өткізді.
Washington Post басылымының хабарлауынша, 2018 жылдың қарашасында болған кибершабуыл салдарынан агенттіктің құпия мәліметтері қолды болып, ғаламтор жұмысы тоқтатылған. Тексеру нәтижесінде американдық компания ресейлік «троль фабрикасының» бір бөлімін дүниежүзілік желіден жойған. Арнайы операция 5 қарашада, яғни АҚШ-тағы аралық сайлау қарсаңында өткізілген. Басылымда айтылғандай, ауқымды операция Ресей тарапынан туындайтын киберкеңістіктегі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету бойынша АҚШ барлау қызметінің алғашқы жұмысы.
АҚШ-тың кибер іссапары Ұлттық қорғаныс және АҚШ Қорғаныс министрлігінің стратегияларына сәйкес біздің сайлаулар мен демократиялық институттарды шетелдік қауіптен қорғау мақсатында жұмыс істеуді жалғастырмақ.
Ресей тарапынан киберқылмыстың артуына байланысты өткен жылы наурызда АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік компанияларға қарсы санкциялар енгізген болатын. 2018 жылы ақпанда Америкадағы Колумбия округінің федералды соты ресейлік «интернет-зерттеу агенттігі» 2016 жылғы президенттік сайлауға араласты деп ресми түрде айыптады. Тергеу қорытындысына сәйкес, компания қызметкерлері АҚШ азаматтарының атынан әлеуметтік желілерде аккаунттар ашып, желіде Хиллари Клинтон мен демократиялық партияға қатысты құпия ақпараттарды орналастырған. Ал ресейлік компания басшысы, президент Владимир путиннің «сенімді серігі» Евгений Пригожин өзінің «троллей фабрикасына» еш қатысы жоқ екенін және оның компаниясына тағылған айыптың жалған екенін айтып ақталды.