АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Ақ үйде губернаторларды қабылдау кешінде АҚШ-Қытай арасындағы сауда келіссөзі табысты аяқталуға жақын қалғанын мәлімдеді.
Трамп сөзінде: «Бұл тарихта болмаған ірі келісім және біз сол келісімге қол жеткізуге тым жақын тұрмыз», – деген. Ол және Қытай делегациясы Бейжіңге қайтқаннан кейін, Қытай үкіметі жағынан күрделі өзгерістер болмаса осы апта ішінде бұл маңызды жаңалықты жария ететінін айтқан.
АҚШ президенті бұған ұқсас мәлімдемені өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына да жариялаған. «Твиттер» парақшасында қазіргі сауда келіссөздерінің елеулі прогресіне байланысты Қытай тауарларына тарифтерді жоғарлату шарасын кейінге қалдыратынын атап көрсеткен.
Трамптың сөзін Қытайдың ресми ақпарат құралдары да растап хабар таратты. Олар АҚШ-пен сауда келіссөзінің 7-ші кезегінде қос тарап технологиялар трансферті, зияткерлік меншікті қорғау, тарифтік емес кедергілер, қызметтер, ауыл шаруашылығы және айырбас бағамдары бойынша нақты мәселелерде пікір бірлігіне келе алғандарын айтқан. Дегенмен, АҚШ-Қытай сауда келіссөзінің соңғы процесі қиын болғанын, жіңішкелікпен қарап талдауға тиісті жаңа проблемалардың да пайда болғанын айтады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі