Бразилияның Минас-Жерайс штатында жарылған бөгет 171 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Telesur хабарлап отыр.

25 қаңтар күні жарылған бөгет Vale компаниясы мен жақын маңда орналасқан үйлерді су басуына әкеліп соқты. Сонымен қатар жиналған лай-батпақтардың арасынан құтқарушылар әлі де болса із-түссіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстарымен айналысуда. Қазіргі таңда 139 адам жоғалғандар тізімінде тұр.

Бірақ уақыт бұрын Бразилия полициясы бөгеттің бұзылуына кінәлі деп Vale компаниясының 8 қызметкерін қамауға алған болатын.  Бүгінде бұл оқиғаның қалай пайда болғандығы анықталуда. Әйтсе де, Бразилия билігі мұның салғырттықтан болғандығын алға тартуда.

"The Qazaq Times"