Сүриядағы Башар Асад режимінің Идлибтегі соғыс тоқтатқан аймаққа жасаған шабуылынан 5 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштер мен Иран қолдауындағы қарулы топтар бірлесе жасаған шабуыл Идлибдегі «Дағдарысты азайту аймағы» ретінде белгіленген Хан-Шейхун ауданына жасалған.
Аймақтағы оппозициялық топтың өкілі Хаж Юсуф мәлімдеме жасап, Башар Асад режимінің тұрғындар шоғырлы орналасқан аймаққа жасаған шабуылын айыптады. Ол сондай-ақ, шабуылда 5 адам қаза тапқанын, бейбіт тұрғындарды қамтыған 6 адамның зардап шеккенін айтқан.
Башар Асадқа қарасты үкімет күштері қаңтар айынан бері Идлиб аймағына әуе және құрлық шабуылын ұйымдастырып келеді. Анадолы ақпарат агенттігінің мәліметіне сенсек, бұл шабуылдардан кемінде 68 адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақат алған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел