АҚШ Сенаты Мексикамен шекарадағы қауіпсіздік туралы бюджет жобасын дайындағанмен, елде төтенше жағдай жарияланбақ.
Reuters агенттінің хабарлауынша, Конгресс өкілдерінің палатасы шекара мәселесін талқылап, биылғы бюджет жобасын талқылаған. Жаңа заңды Ақ үй басшысы Дональд Трамп мақұлдаса да, Мексикамен шекарада төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Трамп осыған дейін 8 қаңтарда халыққа жолдау жасап, Мексикамен арадағы шекара мәселесіне қатысты 5,7 млрд долларға жуық қаржы бөлу керектігін айқан болатын. Бірақ, Конгрестегі демократтар президенттің бұл ұсынысын қабылдаудан бас тартып, биылғы бюджет көлемі анықталған жоқ. Бекітілмеген бюджет салдарынан 22 желтоқсаннан бері АҚШ федералды билігінің жұмысы ішінара тоқтатылған болатын. Бұл мәселеге қатысты Дональд Трамптың өзі: «Үкіметтің толығымен қашан жұмысқа кірісетіндігін айта алмаймын. Шекарада қақпа тұрғызылмайынша «шатдаун» жалғаса береді. Бұл қабырға елге заңсыз кіргісі келетіндерге тосқауыл болады. Жаһандық кеселге айналған адам саудасы мен есірткі тасымалына нүкте қояды. Қазіргі уақытта біз адам саудалаушыларды қолға түсіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ал Мексикамен арадағы шекараға қақпа салынбайынша, осы аталған кеселдермен күресу қиынға соғады»,– деп мәлімдеді.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті