АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро билігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Politico басылымы хабарлады.
Америка жіберген гуманитарлық көмек әлі күнге дейін Венесуэла мен Колумбия шекарасында тұр. Бұған дейін Николас Мадуро елдегі дағдарысқа АҚШ-ты кінәлап, гуманитарлық көмектің қажеті жоқ екендігін айтқан. Осы мәселеге қатысты Дональд Трамп Колумбия президенті Иван Дукемен кездесу өткізді. Кездесу барысында қос тарап та оппозиция басшысы Хуан Гуайдо билігіне қолдау көрсететінін айтты. Трамп сөзінде: «Біз Венесуэлаға көмек көрсептек болдық. Алайда, Мадуро бас тартып, халық жағдайына қаншалықты көңіл бөлетіндігін білдірді. Егер үкімет өз халқын ойламаса, жағдай дағдарысқа дейін жеткізеді. Бұған Венесуэладағы жағдай дәлел», – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, 23 қаңтарда Венесуэла Ұлттық ассамблеясының экс-төрағасы Хуан Гуаидо өзін уақытша үкімет президенті деп жариялап, қайтадан әділ сайлау өткізетінін мәлімдеген. Оны АҚШ, Канада, Израиль және Еуроодақ елдері қолдады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді