Филиппин басшысы Родриго Дутерте елдің атын өзгерту туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы Филиппин президентінің баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасаған.
Филиппин президенті Дутерте ел атын Испанияның отарлау кезеңінен қалған «Филиппин» атынан (II Филиптің атына қойылған) «Махарлика» деген атқа ауыстыру туралы ұсыныс жасаған.
Дутертенің баспасөз өкілі Славадор Панело сөзінде: «Конституцияға Конгрестің елдің атын өзгертуге және референдум өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа бап қосу туралы талқылануда», – деген.
«Махарлика» – малай тіліндегі "Малай жұрты" немесе "Малай елі" деген мағынаны білдіреді. Елдің атын өзгерту туралы ұсыныс бұдан бұрынғы президенттер тұсында да көтерілген болатын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау