АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит теңіз әскери күштеріне қарасты соғыс кемелері Оңтүстік Қытай теңізіндегі Қытай Теңіз күштері бақылауындағы аралдардың жақын маңда әскери операция жүргізді.
Құрама Штаттың CNN телеарнасы таратқан хабарда, АҚШ Теңіз әскери күштеріне қарасты «USS Spruance» және «USS Preble» атты зымыран қондырғылы жойғыш кемелері Қытай теңіз күштері үздіксіз бақылап тұратын Парсал аралдарының маңында су үсті шарлауын жүргізген.
Қытай Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрі мәлімдемесінде, АҚШ кемелерінің әрекетін айыптап, бұл жағдайды Қытай-АҚШ қарым-қатынасына және өңірдің тұрақтылығына кері әсер етеді деп бағалаған.
Алайда, АҚШ Теңіз күштері 7-ші плотының ресми өкілі Клав Досс мәлімдемесінде: «АҚШ кемелері Оңтүстік Қытай теңізін қамтыған Үнді-Тынық мұхитындағы халықаралық теңіз жолдарында үнемі шарлау жүргізіп келеді. Біздің бұл әрекетіміз халықаралық ережелер аясында жасалады», – деген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі