Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың гуманитарлық көмегінен бас тартты.

Sky TG24 мәлімдеуінше, Мадуро Құрама Штат жөнелткен көмекке мұқтаж емес екендігін айтқан. Бұл пікірінен кейін Мадуроны елдегі оппозиция басшысы Хуан Гуайдо мен жергілікті БАҚ қатаң сынға алды. Гуайдоның айтуынша, «Мадуро АҚШ билігі өзінің диктаторлық саясатын сынға алғаннан кейін, әдейі қарсылық танытып отыр. Шын мәнінде, Венесэула халқы көмекке мұқтаж. Елде тағам, жанар-жағармай тапшы, қаржы аз. Егер Маудро қателігін мойындамаса, кезекті мәрте ереуіл болуы мүмкін».

Айта кетейік, 23 қаңтарда өзін уақытша үкімет президенті деп жариялаған Гуайдоны легитимді мемлекет басшысы ретінде АҚШ, Канада, Бразилия, Чили, Аргентина, Колумбия, Коста-Рика, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай және Перу елдері мойындады. Ал Қытай мен Ресей тарапы қазіргі басшы Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, билікке өзге мемлекеттердің араласуын «халықаралық құқықбұзушылық» деп атады.

"The Qazaq Times"