Еуропалық Одақ Brexit бойынша келісімді қайта қараудан бас тартты.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер осы мәселеге қатысты кездесу өткізіп, Мэй үкіметі Еуроодақтан шығу келісімінің кейбір бөлімдеріне өзгерту енгізу туралы ұсыныс білдірген. Бірақ, Еурокомиссия бұл ұсынысты қараудан бас тартты. Юнкердің айтуынша, ЕО Ұлыбританиямен келешек қатынастар туралы саяси мәлімдемеге өзгертулер енгізуге дайын.
Brexit тақырыбы саясаттағы күн тәртібінде тұрған мәселеге айналғалы бері, Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы шекарасының болашағы да талқылана бастады. ЕО аталған мемлекет арасында қатаң төлқұжаттық бақылау мен шекаралық дау болмауы тиіс деген талап қойды. Сонымен қатар, Ұлыбритания 2019 жылғы 29 наурызда ЕО-дан шыққаннан кейін ЕО-ға 39 млрд фунт стерлинг төлейді. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына жетпіс күн қалғанда Тереза Мэй депутаттарға қосымша жоспарын таныстырады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау