Кеше, 6 ақпан күні Иран президенті Хасан Рухани өз еліне сапарлай келген Сүрияның СІМ басшысы Валид Муаллемен кездесті. Кездесуде президент Рухани Иранның Сүриядағы миссиясына соңына дейін табанды болатынын жеткізген.
Иран президенті сөзінде Сүрияның қазіргі жағдайына баға беріп, Башар Асад үкіметі АҚШ бастаған Батыс елдерінің «қастандығын» жеңіп шықты деген. Ол сондай-ақ, бұл «жеңіс» Сүрия мен бүкіл аймақтың жеңісі деген пікірін айтқан.
Хасан Рухани мен Валид Муалле арасындағы кездесуде Иран-Сүрия арасындағы ынтымақтастықты жалғасты тереңдету мәселелері талқыға салынған. Хасан Рухани Иран тарабы Сүрияда толық тыныштық орнағанға дейін үкіметіне қолдау көрсете беретінін жеткізген.
Израиль тарабы Иранның Сүрия жеріндегі әскери қадамдары Израильдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді деп алаңдайды. Бірер апта бұрын Израиль үкіметі Иранға ескерту жасап, Сүрия жеріндегі қарулы күштерін кері қайтармаса, әуе шабуылдарын жалғастыратынын мәлімдеген. Алайда, Теһран билігі бұған қарсы жауап беріп, Израиль шабуылдарын тойтаруға дайын екенін жеткізген. Қазір өңірде Иран мен Израиль және Сауд Арабия сынды елдердің теке-тіресі әлемнің назарын өзіне аударуда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау