Германия үкіметі орташа ауқымды және қысқа ауқымды зымырандарды жою туралы шартқа қатысты АҚШ-қа саяси ұсыныс білдірді. Бұл туралы Наndelsblatt хабарлады.
Германияның Ресеймен ынтымақтастық жөніндегі комиссары Дирк Визе АҚШ-қа зымыран келісіміне қайта қол қою туралы ұсыныс білдірді. Бұған дейін Германия Сыртқы істер министрлігі бірнеше рет АҚШ пен Ресейге орташа ауқымды және қысқа ауқымды зымырандарды жою туралы шарттан шықпау керектігін айтқан. Дирк Визенің пікірінше, еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде орташа және қысқа ауқымды зымырандарды жою туралы шарттың маңызы зор.
АҚШ пен Кеңестер одағы 1987 жылы зымыран келісіміне қол қойған. Келісім бойынша, қос тарап 300-ден 3400 миль қашықтаққа дейін жерден ұшырылатын баллистикалық зымырандарды шығармауға уағдаласқан. Келісімге сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейган мен Кеңес Одағының басшысы Михаил Горбачев қол қойған. Келісім бойынша, қос тарапқа 500 және 5,5 мың шақырым қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды жасауға тыйым салынған.
Былтыр қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығатынын айтқан болатын. Трамптың сөзінше, ресми Мәскеу АҚШ-пен арадағы зымыран келісімінің шарттырын орындап отырған жоқ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы