Канада премьер-министрі Жастин Трюдо Қытайдағы елші Жон Маккаллумды қызметінен босатты. Бұған канадалық елшінің «Huawei» компаниясы басшысының тұтқындалуына қатысты пікірі себеп болған.
Жон Маккаллум өз сөзінде «Huawei» компаниясының қаржылық директорын бостандыққа жіберу арқылы Канада мен Қытай байланысын ретке келтірудің маңызды екендігін айтқан. Ал премьер-министр Трюдо экс-елшінің осы уақытқа дейін жоғары деңгейде қызмет атқарғанын және Huawei-ге қатысты жағдайда ешқандай саяси астардың жоқ екендігін атап өтті. «Канада билігінің қытайлық компания қызметкерін тұтқынға алуы ешқандай саяси мән білдірмейді. Біз тек қана заң аясында жұмыс істейміз», – деді Трюдо.
Осыған дейін қытайлық «Huawei» компаниясы басшысының қызы және қаржы директоры Мың Ванжоу Уашингтонның сұрауы бойынша Канада мемлекетінде тұтқындалған болатын. Бұл жағдайдан соң Қытай соты канадалық Роберт Шелленбергке «есірткі тасымалымен айналысты» деген айып тағып, өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды. Сарапшылардың айтуынша, Қытай билігі Шелленбергке қатаң шешім шығару арқылы Канададан өшін алмақ.
Айта кетейік, 20 қарашада Далян жеріндегі сот Канада азаматын 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Бірақ, араға екі ай салып жазаны өзгертті. Ал Роберт Шелленбергтің өзі Қытайға тек турист ретінде барғандығын және өзіне тағылған айыптың әділетсіз шешім екендігін айтты. Сот шешімінен кейін Канада премьер-министрі Жастин Трюдо Бейжіңді «адам құқығын бұзуға бағытталған әділетсіз шешім шығарды» деп айыптады. Қамауға алынған азаматтың отбасы Қытайдан нақты дәлелдерді талап етіп отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны