Алматы облысы Ұзынағаш елді мекенінде ұлттық ұлан әскери қызметшісі әскери бөлімде басына оқ атты. Бұл туралы белгілі отандық БАҚ-та айтылды.
Осылайша, тұп-тура Астанада мемлекет басшысы «Жастар жылын» қыруар қаржының құдіретімен ашуға ниет еткенде, өзінің туған өңірінде тәуелсіз елін қорғайтын бір жас жауынгер көз жұмды. Әрине, бұл оқиғаның «Жастар жылының» ашылу салтанатымен тікелей қатысы болмауы керек. Алайда, дабыралы той алдында президент сенген жастар санатындағы жауынгердің айдың-күннің аманында дәл осы күні өз басына өзі ажал қаруын төсеп тұрып мерт болуы тегін болмаса керек-ті?!
Енді, «дәл осы күнде» деп айтуымызға себеп болған нақты мәліметке жүгінелік.
"2018 жылы маусымда Астанада қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті шақыртқан қатардағы жауынгер Қожан Ұласбек 2019 жылы 23 қаңтарда шамамен сағат 01:35-те өзіне берілген қарудан басына оқ атқан. Алған жарақатынан ол қайтыс болды», – деп мәлімдеді ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Қайталап айтамыз: «2019 жылы 23 қаңтарда шамамен сағат 01:35-те» делінген қысқа хабарламада.
Яғни, Астанада қуаныш пен мадақ-мақтаудың шұрқырасуы басталмай тұрып, Алматы облысында азат елдің ұланының қоғамға (әлдекімге) наразы өлімінің себепші дауысы – суық қару үні шықты. Әлде, тойдың дақпыртының қаттылығынан, әлде дәл осы күні Қорғаныс министрлігінің «Жастар жылының» ашылуында жас өлімді естірткісі келмегенінен бе, әйтеуір, суық хабар отандық БАҚ-та да кеш тарады.
Айта кетейік, бүгінде Алматы әскери тергеу басқармасы айтылған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бірыңғай реестрге тіркеген. Нәтижесінде, қазір қызметтік тексеру тағайындалып, аталған оқиғаның мән-жайы анықталуда.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі