Иран Сыртқы істер департаментінің басшысы Мұхаммед Жават Зарив АҚШ афроамерикалықтардың құқықтарын бұзып отыр деп кінәлады.
Зариф өзінің Twitter парақшасында: «Вашингтон Иранның Press TV телеарнасындағы афроамерикалық тілшісі Мерзие Хашимиді сотқа дейінгі кезеңде тұтқынға алған. Журналистің қашып кетуге мүмкіндігі қаншалықты болғандығы үшін жауап беруі тиіс» деп мәлімдеме жасады.
Сонымен қатар, Сыртқы істер министрі Мартин Лютер Кингтің өлімінен кейін 50 жыл өтсе де, АҚШ афроамерикалықтардың құқығын бұзып келетіндігін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Мерзие Хашими өткен аптада Миссури штатының Сент-Луис қаласында тұтқындалған. Press TV арнасының мәліметі бойынша, АҚШ-тың тәртіп сақшылары тілшінің хиджабын шешпекші болған. Сонымен қатар, уақытша ұстау изоляторында халал ас беруден бас тартқан. Куәгер ретінде тұтқындалған Ирандық журналистің жағдайы болашақта анықталатын болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді