Кершен бұғазында екі кеме өртке оранды. Бұл туралы Росморречфлот баспасөз-қызметі хабарлап отыр.
Баспасөз-қызметінің ақпараттарына сүйенсек, екі кеме бортында Түркия, Үндістан және Ресейдің 31 азаматы болған. Сонымен қатар теңіз көлігінің екеуінде де Танзания жалауы желбірегені анықталып отыр.
Болжам бойынша, бір кемеден екінші кемеге жанармай өткізу кезінде жарылыс шыққан. Қазіргі таңда нақты өрттің неден пайда болғаны анықталу үстінде.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын дәл осы Кершен бұғазында Украинаның қосы кемесін Ресей әскері тұтқындап, шекаралық тәртіпті бұзды деп айыптаған болатын. Осыдан кейін, Украина билігі елде 30 күндік соғыс жағдайын жариялады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр