Facebook компаниясы жалған ақпараттармен күресуді қайта қолға алды. Ғаламдық аудиторияға сенімді, тексерілген жаңалықтар тарататын ақпарат көздерін анықтау мақсатында ресейлік акаунттарды қатаң тексеруден өткізген. 

Осыған байланысты компания постсоветтік елдердегі желі қолданушыларына жалған хабар таратумен айналысқан жүздеген парақшалар мен аккаунттарды бұғаттады. Ресми түрде жойылған топтардың Ресейдің "Sputnik" ақпарат агенттігімен тікелей байланысы бар екендігі анықталды.

Сарапшылар Facebook қолға алып отырған шара Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауында қоғамдық санаға әсер ететін посттар таратуға қатысқаны және өзге де мемлекеттердегі ақпаратты бұрмалағаны үшін жауап дейді. Енді осындай шаралар арқылы ресейлік фейк аккаунттармен күрес жүргізіледі. Жуырда Twitter компаниясы да 2016 жылғы сайлау кезінде АҚШ аумағындағы 677 қолданушы Ресей боттарынан таратылған ақпараттарды бөліскенін анықтаған болатын.

"The Qazaq Times"