Бішкекте «Super Info» газетінің және «Super.kg» ақпараттық порталының журналистері «Мен полицияның зорлық-зомбылығына қарсымын» деген плакаттармен митингке шығып, қалалық полиция бөліміне барды.
Олар кеше Ала-Тоо алаңындағы наразылық акциясы кезінде ұсталған әріптестеріне қолдау көрсету мақсатында осындай әрекетке барып отыр.
"Біз журналистерді митингте ұстау кәсіби міндеттерін орындауға кедергі деп білеміз. Полиция әріптестеріміздің құқықтарын заңсыз шектеді ", - деді Super.kg порталының директоры Бақтыгүл Сокушева.
Айта кетейік, кеше елорданың орталық алаңында қытайлық экспансияға қарсы наразылық акциясы өтті. Ереуілге шыққандар бірнеше талап қойды, атап айтқанда, халықты бақылауды жүзеге асыру, қытайлық азаматтар үшін визаның санын қысқарту, Қытайдан алынған несиелерді тексеру және қаншалықты тиімді екенін анықтап, тиімсіз болған жағдайда арнайы комиссия құрып, ақшаның қайда кеткенін нақтылау. Сондай -ақ, олар қырғыз қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуына тыйым салуды да талап етті. Тұрмыс құрған жағдайда, ерлі-зайыптылар айыппұл төлеуі тиіс дегенді алға тартты. Сонымен бірге, паспорттағы "Ұлты" деген бағанды қайтаруды талап еткен еді. Полиция митингке шыққан халықты тарату кезінде екі телеарнаның қызметкерлерін ұстап әкеткен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді