Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін қысқартуы мүмкін.  Бұл туралы Саудияның энергетика министрі Халид Абдулазиз әл-Фатих CNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Халид Абдулазиз әл-Фатихтың сөзінше, дәл қазіргі жағдайда жер асты байлығына шектеу қою, жаһандық экономикалық дағдарыстың алдын алуы мүмкін. Осы ретте ОПЕК ұйымына тәулік бойғы өндіретін мұнай өнімін азайту туралы ұсыныс тастады.

«Қазіргі таңда ОПЕК ұйымы әлемдік нарыққа көз жүгіртіп, барлық жағдайды бақылауында ұстап отыр. Егер мұнай өндіруді 1,2 миллион баррельге қысқартатын болса, онда талқылап, өндіріс көлемін төмендетеміз» деді Фатих.

2018 жылдың 7 желтоқсанында ОПЕК ұйымы мұнай өндіруші елдерге тәуліктің өнімді 1,2 миллион баррельге қысқарту туралы шешім шығарған. Сауд Арабиясы аталған талапқа сай күніне 500 мың баррелье дейін қысқартып үлгерген. Ал, Ресей 228, Ирак 139 мың баррель қысқартты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы уақытта мұнай бағасы төмендеп, дамушы елдер біраз қиындыққа тап болды. Оның ішінде Қазақстан да бар. Табиғи байлыққа иек артып отырған Қазақстан үшін мұнай бағасының қайтадан қалыпқа келуі тиімді болмақ. Алайда, мұның соңғы жауабын ОПЕК ұйымы шығаратын болады.

“The Qazaq Times”