АҚШ-тағы Техас штатына қарасты Таррант аймағының Ресбуликашыл партиясының өкілі Шахид Шафи өзінің жұмысын ары қарай жалғастыра бермек.
Шілде айында партияның кейбір мүшелері пәкістандық мұсылман Шахид Шафиді дініне байланысты лауазымынан босату туралы талап еткен болатын. Алайда, Республикашыл партияның 139 азаматы бұл талапқа қарсы екендіктерін білдірсе, тек, 49 мүшесі ғана оның қуылуын жақтап дауыс берген. Осылайше, дауыс беруден жеңіп шыққан Шахид Шафи ары қарай өз жұмысын жалғастыратын болады.
Сонымен қатар, Шафи: «АҚШ-тың ең басты ұстанымдарының бірі дінге сенудегі еркіндік және де біз осы үшін күресіп, бүгін жеңіске жетіп отырмыз. Сол секілді АҚШ-тағы барлық тұрғындардың құқығы бірдей екендігін көрсетіп отырмыз» деп, өз пікірін жеткізді.
Шахид Шафи Пәкістан елінде туылып, 1990 жылы АҚШ-қа қоныс аударған. Ең алғаш хирург-травматолог болып қызмет атқарған азамат 2009 жылы америка азаматы атанды. Сол уақыттан бері Таррант аймағындағы Республикашыл партиясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді. Соңғы уақыттарда Таррант аймағындағы республикашыл партияның мүшелері мұсылман дінінің азаматы дәл осы лауазымда отырғандығына өздерінің наразылығын білдіріп, орнынан босатуды талап еткен болатын. Бұдан бөлек, Шафидің отставкаға кетуін жақтағандардың бірі Таррант округінің филиал басшысы Дорри О Брайен еді. Ол, Шахид Шафи ислам дінінің заңдарымен жүретіндігін айтып, террорлық ұйымдармен қатысу болуы мүмкін екендігін де жеткізген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді