Егер Мәскеу Минскіге сататын мұнай бағасын арзандатпаса, Батыс тараптағы жалғыз одақтасынан айырылады. Беларусь президенті Александр Лукашенко Кремльге осындай ескерту жасады.
Беларусь Ресейден мұнай өнімдерін сатып алып, экспорттаған. Енді Ресей өзіне қауіп болған экономикалық дағдарыстан арылу үшін, мұнай бағасын өсірмек болған. Лукашенко жергілікті ақпарат құралдарына сұхбат беріп: «Егер де Мәскеу қара алтын бағасын қымбаттатса, Минск ірі көлемде өтемақы талап етеді. Қазір Ресейдің жақын одақтасынан айырылу қаупі бар және осыны пайдалнып Беларусьті өзіне қосамын деп ойламасын», – деді.
Осыған дейін екі ел президенті Мәскеуде кездесу өткізіп, аталған мәселелерді талқылаған болатын. Путин өз сөзінде Ресей мен Беларусь арасындағы байланыстардың қарқынды түрде дамып жатқанын және кейбір мәселелердің шешілетінін айтқан. Ал Беларусь президенті Лукашенко газ бағасына қатысты келіспеушіліктерді тез арада реттеу туралы ұсыныс білдірген. Бірақ, екі ел арасындағы энергетикалық байланыс әлі күнге дейін ушығып тұр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті