АҚШ пен Мексика арасындағы жағдай қазіргі таңда гуманитарлық дағдарысқа айналды. Бұл туралы Дональд Трамп халыққа үндеуінде мәлімдеді.
Дональд Трамп дер кезінде Мексикамен арадағы шекараға қабырға тұрғызу үшін қаржы бөлінбегендіктен,.аталған дағдарыстың пайда болуына демократтарды кінәләп отыр.
Үндеу барысында: «Мексика шекарасынан АҚШ-қа тап болғысы келетін әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа душар болады. Біздің ластанған жүйеде ең көп құрдымға кететін балалар мен әйелдер. Бұл АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы заңсыз миграциялар үшін трагедиялық факт. Сондықтан, бұл жағдайдың нүктесін қою керек» деді Дональд Трамп.
Бұдан бөлек, аталған сұрақтың шешімі әлі де болса Мексикамен арадағы шекараға қабырға тұрғызу керектігі болып отырғандығын да жоққа шығармады.
Сонымен қатар, демократтардың қабырға құрылысына қаражатты бөлмеуінің салдарынан, осымен екінші апта билік жұмыс жасамай отырғандығы да үндеу барысында айтылды. АҚШ президентінің сөзінше, бюджеттік дағдарыс барлығына тосқауыл қойып отыр.
«АҚШ билігі тек бір ғана жағдайға байланысты жұмыс тарын тоқтатты. Демократтар шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етпей отыр. Бұл жағдайды бар болғаны 45 минутта шешуге болады. Мен бұл жағдайдың шешімін табу үшін Конгрес өкілдерінің көшбасшыларын Ақ Үйге шақырдым» деп түйіндеді АҚШ президенті.
Құжатта көрсетілгендей, құрылыстың барлық шығындары Мексикамен арадағы жаңа сауда келісімінің есебінен жүргізілетін болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді