"Samsung компаниясы да сатылымының төмендегені туралы жылдық есеп дайындауда", деп жазады Reuters ақпараттық агенттігі.

Institutional Brokers' Estimate System -нің мәліметі бойынша, оңтүстік кореялық компанияның төрт квартал бойынша табысы 11,85 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 12 пайызға төмен.

Сарапшылар аталған компания табысының төмендеуіне Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысында Қытай экономикасының нашарлауы себеп болып отыр дегенді айтады.

«Қытайдағы Samsung өнімдеріне сұраныстың төмендеуі осы аймақтағы Samsung чиптерінің де  азаюына әкеледі. Сонымен бірге,  Қытайдағы жалпы смартфондар нарығының тарылуы Apple-ді ғана емес,  Samsung компаниясына да кері әсерін тигізуде», - дейді HM Investment & Securities -тің  аға сарапшысы Соң Мионг-суп.

Ал, Counterpoint Research деректері бойынша, соңғы үш айда Қытайдағы смартфондар сатылымы 8 пайызға төмендеген.

Айта кетейік, бұған дейін Apple компаниясы да табысының 84 млрд долларға дейін төмендеуі мүмкін екенін айтқан болатын.

"The Qazaq Times"