Жексенбі күні Британияның үкімет басшысы Тереза Мэй Brexit-ке дауыс берудің соңғы әрі шешуі кезеңі жоспар бойынша 14-15 қаңтар күні өтетіндігін мәлімдеді. Сонымен бірге, ешқандай да кейінге шегерілмейтіндігін хабар берді.

«Біз дауыс беруді дәл осы күндері өткізуге тырысып отырмыз. Шын мәнінде, аталған тақырыпты талқылау алдағы аптада басталып, одан әрі тек, дауыс беру арқылы шешілетін болады» деп Тереза Мэй өз пікірін білдірді.

Бұдан бөлек, егер дауыс беруге рұқсат берілмеген жағдайда, бейтарап шекарада қалып қоятындықтарын да жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Мэй желтоқсанда өтетін дауыс беру кезеңін қаңтар айына ауыстырған болатын. Себебі, брекситтің кедендік және біріңғай нарыққа бағытталған келісімшарты Солтүстік Ирландияны қанағаттандырмаған еді. Бұдан бөлек, Ұлыбританияның үкімет басшысы Еуроодақтың да кейбір дүниелерге кепілдік береміз дегенін тілге тиек еткен. Алайда, нақты қандай мақсаттарға екендігін ашып айтпады.

Брекситтің дауыс беруі жақындаған сайын, Британия тұрғындарының да алаңдауы жиілей бастады. Осылайша, тәуекелге бас тіккелі отырған корольдіктің азаматтары Еуроодақтағы орнын сақтап қалуды немесе қайта референдум өткізуді ұсынып отыр.

"The Qazaq Times"