2019 жылы Германия мен Ресей байланысы нашарлайды.
«Pfälzische Merkur» неміс басылымына сұхбат берген саясаткер, Ресеймен қарым-қатынас жөніндегі неміс үкіметінің уәкілі Дирк Визе осылай деп мәлімдеді. Екі ел арасындағы экономикалық және дипломатиялық қарым-қатынастың әлсіреуіне Ресейдің 2018 жылғы «агрессиялық саясаты» себеп.
«Әлемдік мәселелерге келгенде, біз скептик ретінде қараймыз. Бірақ, 2018 жылы орын алған жайттар Ресеймен тікелей қатысты, олардың қатарында Британиядағы Скрипальдардың улануы, Керш бұғазындағы жағдайлар және ресейлік хакерлердің әрекеті бар», – дейді саясаткер.
Визе Еуропалық Одақ пен Германия тарапынан Ресейге Петербург және
Минск келісіміне қатысты бірнеше шарт қойылатынын да ескертті. Атап айтқанда, Украинаға қарсы бағыт ұстанбау, Минск келісімін қайта қалпына келтіру, «Солтүстік ағыс – 2» жобасын тоқтату.
Германия мен Ресей арасындағы мәселелерің қатарында «Солтүстік ағыс – 2» жоспары бар. Ресейлік «Газпром» «Солтүстік ағыс – 2» консорциумын басқарады. 11 млрд доллар болатын құрылыс келесі жылы аяқталуы керек. Құбыр жұмыстары Ресей газының Германияға Украина аумағын айналып өту көлемін екі есе арттыру мақсатында қолға алынған. АҚШ, Украина және Шығыс пен Орталық Еуропа елдері құбыр құрылысының жалғасуына түбегейлі қарсы, өйткені бұл өз аумағы арқылы Ресей газының транзиті үшін салық ала алмайтын Украинаға көп көлемде зиян келтіреді. Уашингтон бұл газ құбыры алдағы он жылдықтарда Германияның Ресейге энергетикалық тәуелділігін арттырады деп санайды.
Сонымен, неміс үкіметінің уәкілі Дирк Визе сұхбат соңында: «Кез келген мемлекет қандай да бір салада байланыс орнату үшін оның өткенінен хабардар болып, болашағын болжайды. Өткен 2018 жылы орын алған жайттардан соң, Германияның Ресеймен байланысы нашарлайды», – деді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді