АҚШ Мемлекеттік департаменті жазбаша мәлімдеме жасап, Қытай билігінің заңдарды орынсыз қолданып отырғанын, сондай-ақ, қос ел азаматтарына арнайы шектеулер қойғанын айыптады және Қытайдағы азаматтарына сақ болуды ескертті.

АҚШ Мемлекеттік департаменттің көрсеткен мәліметте Қытай тарабы АҚШ азаматтарын «елден шығу шектемесін» қойып, америкалықтардың еліне қайтуына кедергі жасағанын, АҚШ азаматтары ұзақ уақыт сол елде қамалып қалғанын, әрі бұл әрекеттерді АҚШ азаматтарын қорқыту мақсатында жасағанын айыптаған.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінде айтылуынша, АҚШ азаматтардың келіспеушілігінен кейінгі сот отырыстарының бәрі де Қытай билігінің мүддесін қорғап шыққан, АҚШ азаматтарының өз консулдықтарынан жәрдем сұрауына да мүмкіндік бермеген. Сондай-ақ, Қытайдағы бірқатар АҚШ азаматтары мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіру күдігі бойынша ұзақ уақыт тергеуге алынған және түрмеге қамалған.

Аталған мәлімдемеде Қытайдағы кейбір америкалықтардың электронды хат-хабарлары ұрланған және оны АҚШ азаматтарын елден шығарып жіберуге басты себеп ретінде пайдаланғаны да айтылады. «Шынжаң Ұйғыр Автономиясы мен Тибет автономиясында қауіпсіздік тексеру шаралары күшейтіліп, шетелдіктердің саяхат жасауына кедергілер қойылған», – делінеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің жазбаша мәлімдемесінде.

Осыдан бұрын АҚШ тарабы Қытайдағы америкалықтардың жүріп-тұруына қойылған шектеулерге қарата, Құрама Штат шекарасында да қытайлықтарға шектеу қою шараларын қарастыратынын ескерткен. Әрі, Қытайды екі ел қол қойған өзара тиімділік шартына қайшылық жасады деп айыптаған болатын.

“The Qazaq Times”