Apple корпорациясының акциясы 10%-ға арзандады.
Nasdaq биржасының жылдық қорытындысының нәтижесінде компания акциялары жалпы құны 142 долларға арзандаған. Осыған дейін компания басшысы iPhone сатылымының не себепті төмендегінін мәлімдеген. Мәліметтерге сүйенсек, корпорация акцияларының құлдырау себебі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы.
28 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық тауарларға салықты 25%-ға арттыратынын ескерткен болатын. Жалпы құны 200 миллиард доллар болатын тауарларға жаңа тариф келер жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Баспасөз мәслихатында Ақ үй басшысы алдағы уақытта Қытаймен нақты бір келісімге келе алмаған жағдайда, қалған тауарлар импортына да тарифтің артатынын мәлімдеді. Салыққа іліккен тауарлар қатарында Қытайдан әкелінетін iPhone өнімдері, ноутбуктер және өзге де техникалық құрылғылар бар. Ал Бейжің тарапы Құрама Штаттарына жауап ретінде салықты көтеретінін айтқан.
Айта кетейік, Apple компаниясының акция бағасы 2017 жылдың алғашқы үш айында 24 % өсіп, бес жылда ең үздік маусымдық көрсеткішке жетті. Жылдың алғашқы үш айында Apple өзіндік құны тарихындағы ең жоғары шекке жетіп, 1,448 жүз миллион АҚШ долларын құраған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді