Бүгін Иран президенті Хасан Рухани Анкара қаласына барып Түркиядағы ресми сапарын бастайды. Хасан Руханидың кезекті Түркия сапарына ИИР үкіметінің, экономика жетекшілері өкілдерінен құралған делегация тобы серік болады.
Осыдан бұрын Иран президенті еліне сапарлай келген Түркия Ұлттық кеңес төрағасы Йлдырыммен кездесу кезінде Түркиямен барлық салаларда қарым-қатынасты дамыту туралы ниетін аңғартқан болатын.
Хасан Руханидың Түркия сапары 2 күнге жалғасады. Кезекті Анқарадағы (Анкара) кездесуде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Хасан Рухани АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкциясы, Сүрия және босқындар мәселесін талқылайды деп күтілуде.
Соңғы жылдары Иран мен Түркия өңірдегі маңызды одақтас ретінде қарым-қатынасты дамыта түсті. Анқара мен Теһран арасында Сүрия мәселесі және өңірдегі қауіпсіздік пен басымдық мәселелерінде ортақ пікір орнаған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау