Бүгін қазақ халқының КСРО қыспағынан босап, еркін ел болғанына 27 жыл толып отыр. Бабалар аңсаған тәуелсіздік қазақ елі үшін оңай келмегендігі белгілі.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заңды қабылдап, өзінің тәуелсіз екендігін жариялаған болатын.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл күнді қазақ халқының әрбір азаматы жүрегімен сезінуі тиіс. Дәл осы Тәуелсіздік туының желбіреуіне ықпал еткен 1986 жылдың жастары жасаған ерлік ешқашан ұмыт болмауы керек. Сонымен бірге, жас ұрпақтың жадында әркез сақталуы тиіс. Ендеше осындай ата-баба қанымен келген егемен елдің төл мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын дейміз. Қазақстанның егемендігі, еркіндігі, азаттығы жасай берсін. Тәуелсіздіктің туы құламасын!!!


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді