Қараша айында Қытайдың өнеркәсіптік өндірісінің өсуі баяулап, бөлшек сауда көлемі төмендеп кеткен. Бұған Қытай экспортының АҚШ-тың сауда соғысындағы қысымына ұшырауы және ішкі сұраныстың жеткілікті болмауы себеп болған.
Қытайдың ресми статистикалық мәліметтеріне қарағанда, қарашада сату мөлшері 8,1 пайызға өскен, алайда бұл 2003 жылдан бергі ең төменгі өсім көрсеткіш. Ал, өнеркәсіптік өсім 5,4 пайызды құраған, бұл болса соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі өсім саналады.
Экономикалық сарапшылар көрсеткен мәліметте, қазан айында Қытайдың бөлшек сатудағы өсімі 8,8 пайызды құраған болса, өнеркәсіптік өсімі 5,9 пайыз болған. Қараша айынан бері қарай Қытайдың имперттық және экспорттық табыстары күткен межелен шықпай қалған.
Экономикалық өсу қарқынының баяулауын болдырмау үшін Қытай үкіметі бірқатар шараларды қабылдауда. Айталық, шығыстарды ұлғайтып, банктердегі несие беру көлемін көбейтіп, корпоративтік салықтарды төмендету қатарлы шараларды қолға алған.
АҚШ пен Қытай басшыларының Аргентинадағы кездесуінен кейін, тараптар сауда соғысын келіссөз арқылы шешуге келіскен. Дегенмен, келіссөз мерзімі шектеулі. Тараптар 1 наурызға дейін екіжақты тиімді келісімге келуі керек. Олай болмағанда қосымша кедендік салықтар іске қосылады.
Goldman Sachs-тің сарапшылары АҚШ пен Қытай алдағы жылдың 1 наурызына дейін келісімге келе алады деп қарамайды. Олар қосымша кедендік салықтар жүзеге асырылады деп қарайды.
Қытайдың қазіргі тап болып отырған проблемасы тек қана АҚШ-пен сауда соғысы емес. Қытай АҚШ-пен сауда келісіміне келген күнде де, жылжымайтын мүлік нарығының құлдырауы, тұрмыстық борыштардың артуы, ішкі сұраныстың азаюына әсер етеді де, Бұлар Қытай экономикасының өсу қарқынын жалғасты баяулата бермек.